Президенттік сайлауға шамамен 20 миллиард теңге қажет — вице-министр

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы президент сайлауына жұмсалатын шығындар туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғандықтан, бұл қаржы сол жылдың бюджетіне енгізілген.

«Бірақ енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл үкіметтің резервінен ақша бөлінеді. Қазір ОСК есептеп жатыр. Бұл шамамен 20 миллиард теңге», — деді Савельева Мәжіліс алаңында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақының өсуіне байланысты сайлау шығындарының артуы мүмкін.

«Сайлауға байланысты барлық шығынның 90 пайызға жуығы сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл 70 мыңнан аса адам болады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны ескере отырып есептеледі. 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500 теңге болатын. Биыл – 60 мың», — деп қосты ол.

Сондай-ақ, вице-министр парламенттік сайлауда шамамен осындай шығындар күтілетінін айтты. Бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатынын ескерсек, шығын шамамен 25 миллиард теңге болуы мүмкін.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...