12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент жолдауы – кемел келешек кепілі

Ел президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ қазіргі күрделі жағдайда жолданған бұл жолдауының мән-мағынасы терең. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңінің кепілі болып саналатын тарихи құжатта дағдарыс кезінде атқарылатын іс-шаралар мен ел өркендеуінің өзекті мәселелерінің шешу жолдары санамалап көрсетіліп, болашаққа бағдар жасалды.  

Жолдаудың негізгі басым бағыттары елдің әл-ауқатын арттыруға көзделген. Президент өз сөзінде энергетикалық, әлеуметтік, қаржылық, аграрлық салалардағы туындаған мәселелер мен олардан шығу жолдарын атап өтті. Халықтың қарызданған несиесіне алаңдаушылық білдірген мемлекет басшысы бұл қоғамдық қатердің алдын алу мақсатында банктердің ақша-несие саясатына байланысты жүйелі талдау жүргізілуін тапсырды. Дәл осы бағытта үйлесімсіздікті жою үшін жаңа заң қабылдау қажеттігін атап өткен ол, қазына қаржысын стратегиялық маңызы жоқ шаруаларға жұмсамауды қатаң ескертті.

Келесі бағыттарда мемлекет басшысы елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыру, денсаулық саласын, бұқаралық спорт мен балалар спортын дамыту, қоршаған ортаны қорғау сияқты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, «Таза Қазақстан» шарасын жалғастыруды тапсырды. «Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кетті. Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін» — деген мемлекет басшысы экологиялық ахуалдың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Жолдаудың соңғы тоғызыншы бағытында көпұлтты Қазақстанда барлық азаматтардың тең құқыққа ие екеніне аса мән беріліп, президент әрқайсымызды елдегі бірлікті сақтауға шақырды. Халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру да жан-жақты қамтылған. Еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, несие және салық саясаты арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, бизнес-үдерістерді жүргізу жағдайларын жақсартуға, елдің кадрлық әлеуетін ұдайы арттыру, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту, қоршаған ортаға құрметпен қарау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру, инфрақұрылымның басым мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар стратегиялық бастамалар жолдауда кеңінен қарастырылған.

Мемлекет басшысының жолдауында айтылған әр сөз біз үшін, халық үшін өте маңызды. Ел мүддесін көтерген жолдаудың халық тарапынан қолдау табары сөзсіз.

Диана Мұхитқызы

«Әл-Фараби» атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының

2 курс магистранты

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...