12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Президент Тоқаев жаңа ішкі істер министрін таныстырды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Ішкі істер министрін таныстырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты Ішкі істер министрі қызметінен босату және Марат Ахметжановты ведомство басшылығына тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Президент қаңтар оқиғасы кезінде арандатушылар мен радикалды күштердің соққысына бірінші болып ішкі істер органдарының қызметкерлері кеудесін тосқанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген қызметкер өзінің міндетіне адал болып, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті.

Бұдан бөлек Президент тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын сақтау қажет екеніне ерекше назар аударды.

«Осы қайғылы жағдай ішкі істер органдары жүйесінде кемшіліктердің көп екенін көрсетті. Оны ашық айту керек. Өткен істен барынша сабақ алып, мұндай оқиғаға жол бермеу үшін барлық олқылықтарды анықтап, жою керек. Сондай-ақ қылмыскерлер мен арандатушылардың бәрін тауып, заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бірақ рұқсат етілмеген тергеп-тексеру әдістеріне мүлде жол бермеу керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ішкі істер органдары құқықтық тәртіп пен азматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс.

Мемлекет басшысы жаңа министрге азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және заңды мүдделерін сақтауға, халықтың полицияға деген сенімін нығайтуға тапсырма берді. Сондай-ақ ішкі істер органдарын реформалау, соның ішінде полиция қызметіне сервистік модель енгізу, қызметкерлерді іріктеудің сапасы мен дайындығын күшейту жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылды

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 2026 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару қызметі туралы ережені бекітті.

Елімізде жоғары лауазымдарға тағайындау тәртібі өзгереді

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президенттің бірқатар жоғары лауазым иелерін тағайындау тәртібіне қатысты ұсыныстарды таныстырды.

Қазақстанда вице-президенттің қызметі қандай болады?

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы жалғасып жатыр. Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды.

Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты

Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 9,7 миллионнан асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямызға берген жауабында айтылған.

Быть или не быть частным школам?

О СОВРЕМЕННОЙ ШКОЛЕ СКАЗАНО И НАПИСАНО МНОГОЕ – И ПЛОХОЕ, И ХОРОШЕЕ. К ПРИМЕРУ, АКТУАЛЬНЫЙ ТРЕНД 2025 – НАЧАЛА 2026 ГОДА – СОЗДАНИЕ НЕГАТИВНОГО ИМИДЖА ЧАСТНЫХ ШКОЛ КАЗАХСТАНА, КОТОРЫХ НА СЕГОДНЯШНИЙ ДЕНЬ НАСЧИТЫВАЕТСЯ ТОЛЬКО В АЛМАТЫ 117, С ОБЩИМ КОЛИЧЕСТВОМ 39 680 УЧЕНИКОВ.