12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент Тоқаев «Қазан Кремліне» барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болып, «Қазан Кремлін» аралап көрді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Татарстан Республикасына сапары «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығына барудан басталды. Ондағы көрікті жерлерді Қасым-Жомарт Тоқаевқа Татарстан президенті Рустам Минниханов таныстырды.

Рустам Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.

Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.

Благовещенский соборында Қазақстан Президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.

«Құл Шариф» мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің Жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.

Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.

Түркістан облысында 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат...

Алматинская область: медицинские организации полностью обеспечены лекарственными средствами

В Алматинской области дефицита бесплатных лекарственных средств не наблюдается....

Алматы облысы: медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілуде

Алматы облысында тегін дәрілік заттардың тапшылығы байқалмайды. Бұл туралы...

Бала болашағына ата-ана жауапты

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының...

Мемлекеттік тілді дамыту — жас ұрпақтың басты міндет

Қазақстан — көпэтносты және көпмәдениетті мемлекет. Елдің ұлттық бірегейлігін...