Әкімшілік процестегі соттың белсенді рөлі: құқықтық мазмұны және қолданылу шектері

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік сот төрелігінің жаңа моделін қалыптастырды. Кодекстің негізгі мақсаты – жария-құқықтық дауларды қарауда азамат пен мемлекеттік орган арасындағы теңсіздікті теңгеру және құқықтарды тиімді қорғау.

Әкімшілік сотта талап қоюшы ретінде тек жеке тұлғалар ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғалар да қатыса алады. ӘРПК бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға әкімшілік рәсімге қатысушы кез келген тұлғаға мүмкіндік береді. Сондықтан белсенді рөл қағидаты талап қоюшының мәртебесіне емес, мемлекеттік органмен даудағы процессуалдық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған.

ӘРПК-нің 16-бабына сәйкес сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Бұл норма әкімшілік даулардағы құрылымдық теңсіздікті азайтуға бағытталған. Мемлекеттік орган ақпараттық, ұйымдастырушылық және рәсімдік ресурстарға ие кәсіби құрылым болып табылады. Ал талап қоюшы — жеке тұлға да, заңды тұлға да — көп жағдайда мемлекеттік органмен салыстырғанда әлсіз позицияда болады. Осыны ескере отырып, заң сотқа процесте белсенді позиция береді. Бірақ бұл белсенділік шексіз емес. Сот істің нақты мән-жайларын анықтауға жәрдемдеседі, тараптарға дәлелдемелер ұсынуды ұсына алады, қажет болған жағдайда құжаттарды сұратуға құқылы. Сонымен қатар, ӘРПК жүйелі талдауы дәлелдеу міндетінің тараптарға жүктелетінін көрсетеді. Талап қоюшы өз құқықтарының бұзылғанын және дауланып отырған актінің немесе әрекеттің заңсыздығын негіздеуі тиіс. Сот талап қою мазмұнын тараптың орнына қалыптастырмайды, құқықтық негіздемені өзі құрастырмайды, дәлелдеу міндетін өзіне алмайды, процессуалдық міндеттерді алмастырмайды. Егер сот тараптардың орнына әрекет етсе, онда оның бейтараптығы мен тәуелсіздігіне нұқсан келуі мүмкін. Сот — төрелік етуші орган, ал даудың қатысушысы емес. Белсенді рөлдің мақсаты тараптың міндетін орындау емес, процессуалдық теңгерімді сақтау болып табылады.
Әкімшілік сот өндірісінде талап қоюшы ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да қатысады. Белсенді рөл қағидаты талап қоюшының құқықтық мәртебесіне қарай өзгермейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес, заң алдында барлық тараптар тең. Соттың міндеті – бір тараптың мүддесін қорғау емес, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету. ӘРПК әкімшілік актіні, әрекетті (әрекетсіздікті) даулаудың нақты мерзімдерін белгілейді. Мерзім институты құқықтық айқындық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Белсенді рөл қағидаты сотқа: заңда белгіленген мерзімді елемеуге, процессуалдық талаптарды айналып өтуге құқық бермейді. Мерзімді қалпына келтіру үшін дәлелді себептер ұсынылуы тиіс. Мерзім — формалдылық емес, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.
ӘРПК әкімшілік сот төрелігінің сапалы жаңа моделін енгізді. Белсенді рөл қағидаты азамат пен мемлекеттік орган арасындағы процессуалдық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды институт болып табылады. Әкімшілік процестің тиімділігі соттың белсенділігі мен талап қоюшының процессуалдық жауапкершілігінің үйлесімділігіне байланысты. Белсенді рөл – бір тарапқа артықшылық беру емес, тараптар арасындағы процессуалдық тепе-теңдікті қамтамасыз ету құралы. Ал тепе-теңдікті сақтау — құқықтық мемлекеттің іргелі қағидаты.

Ақөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
Б.Калиева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...