Президент сөгіс жариялаған үш министр сыйақыдан қағылуы мүмкін бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер Бақыт Сұлтановқа, Ербол Қарашөкеевке және Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады. Мемлекеттік саяси қызметшіге жарияланған сөгістің салдары қандай болатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке және премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Tengrinews.kz мәліметінше, саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік тағайындау ережелері Президенттің 2015 жылғы Жарлығында көрсетілген. Бұл министрлерге де қатысты.

Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, дұрыс орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылады.

Жаза күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде мемлекеттік саяси қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы алынған деп есептеледі.

Саяси мемлекеттік қызметші тағы да теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза 6 ай мерзім өткенге дейін алып тасталуы мүмкін. Шешім шығарған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жазаны мерзімінен бұрын алып тастай алады.

Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін жаза алынбаса, осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және айлыққа үстемеақы белгілеу қағидаларына сәйкес, қызметкердің тәртіптік жазасы болған кезде сыйақы берілмейді. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы мерейтой және мереке күндеріне орай төленуі мүмкін.

Осылайша, министрлер Бақыт Сұлтанов, Ербол Қарашөкеев және Серікқали Брекешев келесі 6 айда сыйақыдан қағылуы мүмкін.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...