12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент рақымшылық туралы заңға қол қойғанын жариялады.

«Қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру, жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Осыдан үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Азаматтарымыздың көпшілігі Ата заңға түзету енгізуді қолдап дауыс берді. Реформаның нәтижесінде еліміздің саяси құрылымы түбегейлі жаңғырды. Адам құқықтарын қорғау жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалды. Конституциялық Сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді. Оның құзыреті кеңейді. Өлім жазасы біржола алынып тасталды. Мұның бәрі – Конституциямызға тән ізгілік рухының көрінісі», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Ата заңымызға сәйкес адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары — ең қымбат қазына.

«Биыл Конституция қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Парламент тиісті заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан аса адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат», — деді Мемлекет басшысы.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.

Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі 

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді.

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерлер арасындағы жекелей сайыста Олимпиада чемпионы атанды. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.