Детектив  додасының сегізінші белесі  

Детектив – әдебиеттің ең кенже жанры болғанмен, оқырманының көптігі жағынан қазір әлемде көшбасшылық тізгінді ешкімге бермей тұр.  Адам мен адамның, адам мен қоғамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуде  әдебиеттің жауынгер жанры ретінде мойындалған бұл салаға қолына қалам ұстаған қаламгерлердің бәрі бірдей тәуекел ете бермейді.

Өйткені онда суреттелетін оқиға желісінің шынайылығына оқырманның титтей болса да бір күмәні туындаса, ары қарай оқылмайды. Қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қорғайтын судья, прокурор, полиция, адвокат, із кесуші сияқты құқық қорғау саласындағы түрлі мамандардың қызметін насихаттауға бағытталған жанр елдегі билік пен әділдіктің айнасы. Сондықтан оны жазу үшін қара қылды қақ жаратындай әділдік ең алдымен қаламгердің өз бойынан табылу керек. Яғни жауынгердің бойынан табылатын батылдық, табандылық, қайсарлық,салқынқандылық, ұстамдылық секілді қасиеттерге иек артып, шындықтың  бұралаң жолындағы қиындыққа төзе алатын адам ғана детективші бола алады.  

Сол себепті қоғамда әділдік пен теңдіктің үстемдігін орнату, бұл бағытта әрбір азаматтыңқұқықтық сауаттылығын көтеріп, құқығының бұзылмауына ықпал етуді мақсат еткен «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-ның детектив шығармалар байқауын өткізуге бастамашы болуы жайдан-жай емес. Қара қылды қақ жаратын шындықты әдебиет арқылы айтушыларды қолдап-қуаттауға бағытталған  игі бастама биыл сегізінші рет жүзеге жүзеге асып отыр.

«Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауы қорытындысының биыл Тараз қаласында өтуінің символикалық мәні бар деп ойлаймын. Өйткені, Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды. «Әдебиет ұлтты тәрбиелеуші басты құрал. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен  салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу» деген Ербол Шырақбайұлының сөзімен Кемел Тоқаев атындағы республикалық байқаудың мақсат-мүддесі де үндесіп жатыр. 

Байқау мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, кенже қалғанжанрды жандандыру, ашылмайтын қылмыстың болмайтынын әдеби тілмен баяндап, ұрлық түбі қорлық екенін ұғындыру. Осылайша, тәртіпке, заңға бағынғанның құл болмайтынын білген, түсінген ұрпақ қана ел болашағын баянды етері хақ», – деді марапаттау шарасы кезінде «Заң» Медиа-корпорациясының» басшысы Досымбек Өтеғалиев.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың айтуынша,  детектив шығармаларбайқауына есімі берілген Кемел Тоқаев 1948 жылы Жамбыл қаласындағы облыстық «Сталин жолы» газетінде еңбек еткенін әулиеаталықтар мақтанышпен айтады. «Жамбыл облысының еліміздің өнері мен руханиятына қосып отырған үлесі де зор. Биыл өңірімізде «Әулиеата – кітапоқитын өңір» атты жоба қолға алынып, өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шара да осы кітапқа деген құмарлықты ояту мен оқырман қызығушылығын арттырудың айқын көрінісі екені анық. Және өскелең ұрпақтың рухты әрі қабілетті болып қалыптасуына да күш салады», – деді Серік Жақсылықұлы. 

Жыл үздіктерінің есімдері анықталды

Биыл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық үміткер өз шығармасын жолдады. Ұйымдастырушылар олардың арасынан байқау талабына сай іріктеліп, авторы құпия ұсталған 14 қаламгердің туындысын қазылар алқасының бағалауына ұсынған болатын. ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында байқаудың 2023 жылғы жеңімпазы, жазушы, журналист, «Хабар» агенттігінің басқарушы директоры Серік Әбікенұлы; жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы,  Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт пен «Заң» Медиа-корпорациясының» директоры Досымбек Өтеғалиев болды. Олардың берген жиынтық бағасының қорытындысы бойынша «Мылқау түн» деп аталатын шығармасы үшінЖетісу облысынан қатысқан Гүлден Жылкелдиева Бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға 1,5 миллион теңге сыйақыны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов табыс етті. 

Алматы қаласынан қатысқан Айзада Кенжемолдаева «Қиыс жол» деген әңгімесімен бірінші орынды теленіп, 1 млн теңге сыйақыға қол жеткізді.  Екінші орынды «Қармақшы» деген шығармасымен Түркістан облысынан Болай Бердиева мен «Рецепт» деген туындысы үшін Қызылорда облысынан келген Алдажар Әбілов бөлісіп, әрқайсысы 750 мың теңгені құрайтыны сыйақымен марапатталды. Ал үшінші орынды Ақтөбе облысынан Бақыт Жалиева,  Алматы қаласынан Мирас Мұқаш пен Астана қаласынан Шернияз Жалғасбекұлы бөлісіп, әрқайсысы көлемі 500 мың теңгені құрайтын сыйақыға ие болды. Ал қазылар шешімімен Қанат Ғұмаров, Мақпал Жаналиева, Жадыра Шамұратова ынталандыру жүлдесін және Зияш Телеуова, Алмагүл Серікқалиева, Үйтолған Жарекеева, Әділбек Ыбырайымов Жамбыл облыстық сотының арнайы жүлдесін алды. 

Жүлдегерлердің жеңісті жолы детектив шеберлеріне жұғысты болғай.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

«Заң газеті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.