Президент: Нағыз алматылық рухты жаңғыртуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының дамуы мен қала тұрғындарының өмірі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа үн қатты.

«Алдыңызда өте үлкен және күрделі міндеттер тұр. Алматы біздің ерекше қаламыз. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге зор мән беруіміз керек. Жалпы нағыз алматылық рухты жаңғыртып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күйін қайтаруымыз керек», — деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың басында Алматыға сапары барысында нақты мәселелер талқыланатынын айтты.

«Шынымен де мәселелер бар. Онымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев айналысты. Бір мәселелерді шешіп, алға жылжыса, кей жерде түрлі себеппен үлгермеді, шеше алмады. Қалай дегенмен, жалпы бағыт дұрыс. Сондықтан бұл бағытта алға жылжу керек. Алматы жұртшылығымен өте тығыз байланыста жұмыс істеуге тура келеді деп ойлаймын. Осы қалаға жұмыс сапарым барысында нақты мәселелерді талқылауымыз керек екенін тағы да қайталаймын», — деді Тоқаев.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...