12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды.

Президент кеңесшісі Жолдау бойынша жылдың аяғына дейін Қазақстан жоғары оқу орындарын түгел дерлік аралып шықпақ. ЖОО студенттерімен ең бірінші кездесуді еліміздегі тұңғыш университеттен бастауының өзінде символикалық мән бар. Өйткені, ұлтымыздың ұлы тұлғалары бастауында тұрған Абай университеті 1928 жылы ең алғашқы ашылған жоғары оқу орыны. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Қазақстандағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы университет. Қасиетті қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектер педагог ретінде ертеңгі күні мемлекеттің іргетасын нығайтуда маңызды рөл атқарады. «Мен де студент болғанмын. Ал осындай құндылығы жоғары Абай университетінің студенті болу – сіздер үшін үлкен мәртебе» деді Мәлік Нұржанұлы.

Жолдаудың жастар үшін аса көп мүмкіндік беретін тетіктері туралы баяндаған М.Отарбаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» деп айтқан сөзінің астарында жатқан үлкен стратегиялық қадамдар жатқанын айқындап берді.

Қазір қоғамды жасанды интеллект (ЖИ) мәселелеріне байланысты талай-талай толғамды ойлар әрі-сәрі күйге түсіріп жүргені белгілі. Оны Президент кеңесшісі жоққа шығарып, жасанды зерде тек құрал болуы керек екенін еске салды. Бұл өз кезегінде студенттер тарапынан зор қызығушылық туындатты. Олар болашақ педагог ретінде «ЖИ-мұғаліммен қандай да бір бәсекелестік туындауы мүмкін бе?» деген өзекжарды сұрақтарын қойды. Оған қатысты «Әрине, заманауи педагогтың білігі жоғары болғаны жөн, бірақ ЖИ ұстаз беретін адами ілімді ешқашан бере алмайды» деген жауап берілді.

Өз сауалдарын еркін әрі жан-жақты қойған студенттер өздерін мазалаған күрделіліктерге нақты-нақты мысалдармен жауап алып, Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің Жолдау туралы, бүгінгі күн тәртібіндегі жастарды қызықтыратын тың тақырыптарды көтергендеріне ризашылықтарын білдірді.

Бұл пікір алмасудан түрлі инсайт алған жастар тағлымы мен тәлімі мол кездесуден мотивация алып шықты.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...