Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қаза болған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым», — деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...