Президент Алматы облысы неге екіге бөлінгенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неге екіге бөлінгенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде Президент бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болғанын айтты.

«Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы екені анық.

Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы», — деді Мемлекет басшысы.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...