spot_img
spot_img

Полиция болу – абыройлы қызмет, мәртебе мен міндет!

Астана қаласының ПД жол-патурульдік полициясы полк командирінің орынбасары Айбек Нартпаев өз саласының білгір де білікті маманы. Өз ісінің хас шебері. Таңмен таласа тұрып, жауапты жұмысына бару, уақытпен санаспай адал еңбек ету оның басты ұстанымы.  Айбек Нартпаевтың еңбек жолы 2010 жылы қарапайым жол сақшысынан басталды. Астана көшелеріндегі тәртіпті қадағалап, қыстың боранында, жаздың аптабында тынбай еңбек етті. Осылайша жол патрульдік қызметте 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түрлі қызметтік сатылардан өтіп қазір полк командирінің орынбасары, полиция подполковнигі шеніне дейін көтерілді.        

Астаналық жол сақшылары таңғы сағат 6-дан бастап күнделікті қызметтеріне аттануға дайындалып, Айбек Мәдибекұлынан тапсырма мен нұсқаулық алып, өз бағыттары бойынша қала көшелеріне патрульге шығады. Кез-келген мерекеде полицейлердің қызметте жүруі қалыпты жағдай. Олар тәулік бойы қала көшелеріндегі тәртіп пен жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 «Жол полиция қызметкері болу – үлкен жауапкершілік. Күн-түн демей, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол апаттарының алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндетіміз. Қиындығы да, қызығы да көп мамандықты жайдан-жай таңдаған жоқпын. Бала кезден тәртіп пен әділдікті жоғары бағалап өстім. Енді соны күнделікті қызметімде басшылыққа аламын. Адамдармен жұмыс істеу, қиын сәтте көмек беру — мен үшін абырой әрі жауапкершілік. Өз мамандығымды шексіз жақсы көремін. Осы сәтті пайдаланып, әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!» дейді Айбек Нартпаев.

Айта кетейік, Астананың өзінде жыл басынан бері жол қозғалысын бақылау барысында 800 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде “Қорғау” жүйесі арқылы жалған 27 нөмір таққан азаматтар анықталса, жүргізуші куәлігі жоқ 468 адам ұсталды. Одан бөлек 85 азамат жүргізуші куәлігінен айырылып, 700-ге жуық автокөлік коммуналдық тұраққа қойылған. Осының бәрінде жол сақшыларының елеулі еңбегі бар.

«Неше түрлі адам болады ғой. Ішіп алған адамдар тәртіпті түсінбейді. Бізне қарсылық көрсетеді. Адаммен ерегіседі. Шабуыл жасаған кезде, әрине, сабырлық танытып, заң атымен талап етуге тура келеді. Осындай жағдайдың бәрінде Айбек Мәдибекұлының тәжірибесіне сүйеніп, ақыл-кеңес сұрап отырамыз. Сөйтіп еңбегімізді абыроймен атқарамыз»,- деп атап өтті полиция инспекторы Нұрсұлтан Сариев.

Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 18 мыңға жуық адам зардап шексе, 740 адам қайтыс болған. Бұл тек алғашқы жартыжылдықтың статистикасы. Десе де, полицейлер жол апаттарының алдын алу үшін түрлі шаралардың қабылданып жатқанын айтады. Алайда ережені елемейтін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің салғырттығы қайғылы жайттардың басты себебі болып отыр

Полиция қызметі – темірдей тәртіпке бағынып, халықтың амандығы үшін тынымсыз еңбек ететін сала. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл салада ең бастысы төзім мен табандылық және кәсібіңе деген адалдық қажет дейді тәртіп сақшылары. Бұл –  ел тыныштығының тірегі әрі халық сенімінің айнасы.

Жазира Қуанышбекқызы

«Каспий» биржасы Қазақстанды EUROPEX Бас Ассамблеясында таныстырды

18-20 маусым аралығында «Каспий» тауар биржасы» АҚ делегациясы Норвегия...

Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге...

Арқанжол қауіпсіздігінің жасырын тұстары

Биіктіктегі құтқару операциялары қалай өтеді? Арқанжол тоқтап қалса не...