12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер перзентханаға жедел жеткізген жүкті әйел аман-есен босанды

Жергілікті тұрғын жан қысылғанда жанынан табылған полицейлердің әрекетіне алғысын айтып, бейнежазба жолдады. Ер адамның айтуынша, ол айы-күні жетіп, толғағы қысқан әйелін перзентханаға жеткізбекші болған. Алайда кешкі қарбалас уақытта көлік кептелісіне, өзіндік басқа да қиындықтарға тап болған. Осы кезде патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін көріп, бірден көмек сұрайды.

Келес елдімекені тұсында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері уақыт өткізбей жүкті әйелді перзентханаға жеткізу үшін қызметтік көліктің дабылын қосып, жол бастады. 15 шақырымды артқа тастап нәтижесінде ерлі-зайыптылардың көлігі Сарыағаш қаласында орналасқан перзентханаға үлгеріп жетіп, аяғы ауыр әйел аман-есен босанып алды. Полицейлердің перзентханаға жеткізген құрсақтағы жолаушысы қыз бала болып шықты.

Бұл тәртіп сақшылары Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Айбек Тоқсанбаев пен Қанат Айнабеков. Адам өміріне қатысты қандай жағдай болса да бей-жай қарамай, шұғыл әрекет ететін сала қызметкерлері бүгінде батырлық пен батылдықтың үлгісі іспетті.

Полицейлердің әрекетіне риза болған жаңа туған нәрестенің әкесі: «Жол бойында қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін көріп, көмек сұрадық. Олар бірден бізге жәрдем беруге келісті. Соның нәтижесінде келіншегімді перзентханаға аман-есен жеткізіп, қуанып тұрмыз. Өмір есігін ашқан қызыма полицей ағалары ұқсап, темірдей мықты, қайратты және қайсар болсын деген ниетпен Томирис деп есім бердік!»,-деп өз ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...