Полиция қызметкерлері жоғалған екі жасөспірімді отбасына қайтарды

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келді. Онда ер адам сағат 10:30 шамасында кәмелет жасына толмаған екі ұлы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығын көрсетеді. Жақындары өз беттерінше іздегенмен, еш нәтиже шықпаған. Содан соң әкесі полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.                           
   Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері жұмылдырылып, іздестіру шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылары үй маңындағы көшелерді аралап, куәлардан сұрастырды. Жасөспірімдердің баруы мүмкін жерлер, дос-туыстарынан жауап алынды. Басқа да қалалық, аудандық полиция бөлімдеріне бағытнамалар берілді. 
Атқарылған іс-шара барысында жедел уәкілдер 1 тәулік ішінде Түркістан қаласының орталық базарларының бірінен екі жасөспірімді тауып, полиция бөліміне жеткізді. Табылған екі баланы ата-анасына аман-есен табыстады.        Анықталғандай, 14 жасар ұл бала әкесіне ренжіп, таңертеңгісін інісін ертіп үйінен шығып кеткен. Содан Түркістан қаласына келіп, кешкісін базар маңындағы құрылысы бітпеген ғимаратта түнеп шыққан.              Полиция қызметкерлерінің атқарған істеріне риза болған балалардың ата-анасы Сауран ауданының полицейлеріне өз алғыстарын жеткізді.          Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Ал, егер де, балаңыз жоғалса тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...