12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полиция қаңтар оқиғасынан кейін ұрлау және тонау ісі бойынша 900 адамды тұтқындаған

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық және тонау, тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 900-ге жуық адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның 792-сі қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, террорлық акті, жаппай тәртіпсіздік себептері мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша тергеу Бас прокуратураға тапсырылған. Осыған байланысты осы санаттағы барлық қылмыстық іс арнайы прокурорларға берілген.

«Ішкі істер органдары өндірісінде қазіргі таңда 2,5 мыңнан астам іс жатыр. Олардың негізгі бөлігі – ұрлық және тонау істері. Қылмыс жасады деген күдікпен 893 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның 792-сі тұтқындалды», — деді Қожаев мәжілісте адам құқықтарын қорғау туралы дөңгелек үстелде.

Ұсталғандардың кінәсі ұрланған мүлік, бейнебақылау камераларының жазбасы, әлеуметтік желілердегі роликтер түрінде тәркіленген заттай айғақтармен дәлелденіп жатыр.

Қожаев ұсталғандар арнайы мекемеге медициналық тексерістен кейін ғана қамалатынын атап өтті.

Бұған қоса прокурорлармен бірлесіп Қылмыстық-процестік заңда айқындалған негіздер бойынша күдіктілерді қамаудан босату жұмысы жалғасып жатыр.

«Бұлтартпау шарасының өзгеруіне байланысты тергеу изоляторына қамалғандардың 198-і босатылды», — деді Қожаев.

Сондай-ақ, айтуынша, арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынысымен денсаулығына шағымданған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр.

Творческая свобода — это инвестиция в будущее

Развитие общества посредством зрелых идей, системной речи и свободного...

Шығармашылық еркіндік – болашаққа салынған инвестиция

Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы...

Артур Ластаев предложил закрепить в Конституции абсолютный приоритет права на жизнь

Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев выступил...

Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық...

Асанов: незащищённые персональные данные – прямая угроза для государства

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Жакып Асанов на первом...