Полицейлер жоғалып кеткен орта жастағы ер адамды тауып, отбасына қайтарды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, інісі үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Жақындары жоғалған азаматты іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт Келес АПБ-де бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Тәртіп сақшылары ер адамның баруы мүмкін ауыл-аймақты түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жоғалған ер адамды Шымкент қаласынан тапты.

Анықталғандай, денсаулығында ақауы бар ер азамат Шымкент қаласына барып, көшеде түнеген. Бүгінгі таңда ер азамат дін аман, отбасымен бірге. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бауырының аман-есен табылғанына қуанған тұрғын ризашылығын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлері, қызметтеріңізге рақмет. Халыққа күндіз-түні қызмет етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарың алға баса берсін, тек жақсы күндерде жолығайық» — деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...