Полицейлер жоғалған келіншекті баласымен бірге үйіне қайтарды

Сауран АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі көмек сұрады. Ер адамның айтуынша, сағат 11.00 шамасында, отбасылық жанжалға байланысты оның келіні мен немересі белгісіз бағытта үйден кетіп, қайтып оралмады. Өз бетінше іздестіру нәтиже бермеген соң  туыстары аудандық полиция бөліміне жүгінді.
Бұл фактіні тәртіп сақшылары дереу тіркеп, жоғалған келіншекті іздеуге кірісті. Жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұхбат алып, оның кетуі мүмкін барлық бағыттарды тексерді. Аудандық және қалалық полиция бөлімшелеріне бағдарлар жіберілді. Полицейлер тынымсыз күндіз-түні баласымен бірге  жоғалған жас әйелді іздеп, көрші мегаполистен де іздеді.
Нәтижесінде, екі тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сауран АПБ-нің криминалдық полициясының қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінен тапты. Табылған әйел мен оның қызын туыстарына аман-есен тапсырды.
Өз кезегінде әйелдің анасы полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді: "Менің қызым  үйден хабар ошарсыз  кетті. Сауран АПБ полицейлері жедел түрде екі күн ішінде менің қызымды тапты. Аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен полицейлеріне көп рақмет!"

ТО ПД баспасөз қызметі

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....