Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде

Арыс ауданы полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Айжан Мырзахметова, «Әкелер мектебінің» төрағасы Иман Қалиев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әкелер өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтармен пікір алмасты.
Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндалды.
Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқиғалардың орын алуына интернет және әлеуметтік желілердің, ұялы телефондарға тәуелділіктің, зорлық-зомбылықтың, нашақорлық пен , электронды темекінің зиянды жақтарына тоқталды.
Түсіндірме жұмысы барысында ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...