Полицейлер пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін» — деп, 400 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті.

Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел адам, жұмыссыз, болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...