Полицейлер «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында форум өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Оның құрбандарына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері жұмыла бірігіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін тиісті шараларды атқаруда.

Мәселен, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында форум өткізді. Оған аудан көлемінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара кезінде Созақ АПБ-ның полиция майоры Айжан Манапова баяндама оқыды. Ол 2022 жылдың 7 айында әйелдерге қарсы күш қолданудың – 111 жайтын, Қорғау нұсқамасы бойынша — 120, ерекше талаптар белгіленген – 22, сонымен қатар әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтың 50 жайты тіркелгенін баяндады. Жиын барысында полиция майоры зорлық-зомбылықтың құрбандарына кешенді көмек көрсету жөнінде пилоттық жоба еліміздің барлық өңірлерінде барын айтты. Сонымен қатар «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің «Көмек» дағдарыс орталығы жайлы толық мәлімет берді. Зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балалар үшін арнайы медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілетінін баса айтты. Шара соңында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы шеңберінде дайындалған арнайы брошюралар таратты. Сөз соңында А.Манапова «Әйел – ана. Халқымыздың татулығы, береке–бірлігін келтіруші ана екендігі барлығымызға белгілі. Сондықтан әйел-аналарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында ел болып, қоғам болып күресейік!» — деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...