Полицейлер «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен құжатсыз көлік тізгіндеген 215 жүргізушіні анықтады

Өткен жылдың мамыр айынан бастап облысымызда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында, «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылды. Түркістан қаласындағы 69 және республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған 18 зияткерлік жүйелерден ақпарат келіп түссе, бұл жаңа бағдарлама осындағы полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне енгізілген.  Жедел басқару орталығымен қолданысқа жаңадан енгізілген бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланып, айыппұлдары төленбеген автокөліктер тоқтатылып, тексерілді. 
 Осы ретте Түркістан облысының полицейлері бірталай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті жауапкершілігін қарады. Мәселен 2022 жылы Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, жол жүру ережесін бұзған 1913 автокөлікті айыптұраққа қойған. Оның ішінде жалған мемлекеттік белгі қолданудың 22 жайты, құжатсыз көлік тізгіндеудің 215 дерегі анықталған.        
Мәселен планшетке «HYUNDAI TUCSON» маркалы көлікке төленбей жүрген айыппұлдары бары жөнінде белгі берілген. Дабыл түсісімен полицейлер аталған көлікті тексеру мақсатында тоқтатып, құжаттарын қарайды. Нәтижесінде жүргізушінің жылдамдықты арттыру салдарынан 1 миллион 400 мың теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар болып шықты. Полицейлермен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, көлік иесі барлық айыппұлдарын төлеген. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан жалғаса бермек.       

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...