Полицейлер оқушылармен профилактикалық әңгімесулер өткізуде

Отырар ауданының полиция қызметкерлері 7-11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Атап айтсақ, Отырар аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Динара Есенова, Аққұм ауылдық округінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепте профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Онда оқушыларға қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары айтылып, темекі мен алкогольді тұтынудың жағымсыз салдары туралы ақпараттар берілді. Және түнгі уақытта үйден тыс жерде болмау, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізбеу, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластамау туралы да айтылды.
Сондай-ақ жиналыста тәртіп сақшылары жасөспірімдерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Полицейлердің айтуынша, мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандарға мінез-құлық туралы ойлануға және заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік барын есте сақтауға көмектеседі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...