Полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережесі бойынша сабақтар өткізуде

Жол-көлік оқиғасынан болатын жарақаттану жайттарының алдын алу мақсатында, Созақ ауданының полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жол апаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді. Ондағы негізгі мақсат — оқушылардың көшеде және қоғамдық көлікте қауіпсіз жүріс-тұрысының білімі мен дағдыларын бекіту.

Акция аясында Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Нұрғазиев Ы.Алтынсарин, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептердің 8-11 сынып оқушыларымен кездесті. Тәртіп сақшылары оқушыларға жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болғанына жауапкершілік барын ескертті.

Сонымен қатар полицейлер жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен ата-ана, педагогтардың назарын жол бойындағы балалардың қауіпсіздігіне аудару туралы айтып берді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Ал педагогтар мен оқушылар тәртіп сақшыларына қызықты әрі пайдалы сабақтары үшін алғыстарын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жолдарда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Ең бастысы автокөліктің жоқтығына көз жеткізу керек, содан кейін ғана жолдан өту керек.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....