Полицейлер көлік жөндеу орнының жұмысшысынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі

   Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді. Полиция полковнигінің айтуынша: «Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жұмыс орнында атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар сақтаған тұрғынды анықтады.    Нақтырақ айтсам, полицейлермен жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде Кентау қаласындағы көлік жөндеу орнында жұмыс істейтін жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамнан "Лидер ТТ" маркалы травматикалық тапанша мен патрондар табылды.         
    Әрі қарай тінту шаралары оның жұмыс орнында, яғни көлік жөндеу орталығында жүргізілді. Жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 дана аңшы мылтығын, әрқайсысының салмағы 0,5 кг болатын 3 пакет түтінді ұнтақ, "Байкал" травматикалық тапаншасы, 1 граната, 35 дана оқ-дәрілер мен 1 дана жарылыс қорапша тәркіленді.     Осылайша жедел уәкілдер қарумен жасалатын қылмыстарға тосқауыл қою, заңсыз қару-жарақ сақтау дерегінің жолын кесуде кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деп атап өтті полиция полковнигі.                             
      Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшыларымен кентаулық тұрғын осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргені анықталуда. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алимент мөлшерін айқындаудың жаңа моделін құру қажеттілігі туралы

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға...

Мемлекеттік тілдің дамуы – елімнің дамуы

Ата Заңның 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –...

«Вина подсудимых полностью доказана»: гособвинение запросило для Бокаева 12 лет

В Алматы продолжаются прения сторон по уголовному делу Санжара...

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы

Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлттың рухани...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында қазақ тілін оқытудың озық тәжірибесін насихаттауға, педагогтердің...