12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер бірнеше алаяқтық қылмысына қатысы бар ер адамды анықтады

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады. Атап айтсақ, алаяқ ер адам тұрғындардан қайтарымсыз несие алуға көмек беремін деп, алдау жолымен ақша алып отырған.                             
       Келес АПБ-ға жәбірленушілердің бірі арызданып, өзіне бейтаныс біреу мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беруге уәде бергенін жеткізді. Осылайша алаяқ ауыл тұрғынының сеніміне кіріп, 370 мың теңгеден астам ақша алып, ұзақ уақыт уәдесін орындамай созып жүреді. Полиция бөліміне бұдан басқа алаяқтан зардап шеккен ауданның тағы бірнеше тұрғыны хабарласып, дәл осындай ақпараттарды жеткізген.              
        Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде келестік қырағы полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Шымкент қаласының тұрғын болып шықты. Бүгінгі таңда тергеу ер адамның алаяқтықтың 16 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрады.                    
        Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.                                   

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бәсекеге қабылетті мамандар дайындауда алдыңғы...

Рост ВВП Казахстана за 10 месяцев 2025 года составил 6,4%

По предварительным данным Бюро национальной статистики, за январь-октябрь 2025...

Өңірлердің ахуалын жақсартатын қандай жобалар бар?              

Еліміз егемендік алған жылдардан бастап беріге дейін ауылдың экономикалық...

Жаңа өндірістер – жаңа мүмкіндіктер: өңірлер өнеркәсіптің драйверіне айналуда

2025 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша өңдеуші сектордың...