Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, жанармай құю бекетінің алдында белгісіз ер адам оны ұрып-соққан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Полиция қызметкерлері бұзақылық жасаған ер адамды ұстау үшін жүйелі жұмыстарды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұзақылық жасаған ер адам оның ауылдасы болып шықты. Яғни ауылдас 2 жігіт жанармай құю бекетінің алдында сөзге келіспей, жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісін ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл оқиға толығымен жанармай бекетінің сыртында тұрған бейнекамераға жазылған. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Шетелдік гранттар туралы сұрақ баспасөз мәслихаты кезінде Төреғожинаны тығырыққа тіреді

Бүгін Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросында 2022 жылғы...

АДАЛ АЗАМАТ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда адамдар арасында әртүрлі себептерге байланысты дау-дамайлар мен келіспеушіліктер...

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Впервые для Центральной Азии: тысячи светящихся браслетов станут частью шоу Энрике Иглесиаса

Стали известны новые детали и особенности предстоящих концертов Энрике...