Полицейлер ауылдасының су сорғыш аппаратын ұрлаған тұрғынды анықтады

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның үйінің ауласында тұрған су сорғыш аппаратын  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі 35 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден шықты. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын мұқият қарады. Нәтижесінде бөтеннің мүлкін жымқырған жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.       
Анықталғандай, сезікті ер адам ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің ауласында ешкім жоқтығын пайдаланып, қоршауынан асып түскен. Содан қолына ілінген затты  жымқырып, жолай өзіне таныс емес адамға сатып кеткен. Ал ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер оның сатқан затын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.    
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмау үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Үйлеріңізге, ғимараттарға, дүкендерге арнайы бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...