12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Погондағылар балаларын кітап оқуға баулып жүр

Темірдей қатаң тәртіпті талап ететін тергеу изоляторының жұмысы тым қауырт. Алайда, погондағы қызметкерлер, уақытпен санаспай , ерте келіп, кеш кетуді талап ететін қызметтік міндеттері мен қатар отбасындағы бала тәрбиесіне де көңіл бөліп отырады.

Өйткені олар, баланың өміріндегі ең басты ұстазы – ата-анасы деп біледі. Сондықтан әр кеште жұмыстан үйге барған соң, балаларының тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың қызығушылығына да аса мән беріп отырады.

Осы орайда, 23- сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне байланысты, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Д.Шахи мекеме қызметкерлерінің балаларының арасында «Бір отбасы – бір кітап» атты тақырыпта кітап оқу акциясын ұйымдастырды.

Президентіміз Қ.Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. ҚАЖ қызметкерлерінің имидждік сыйпатын арттыру және қызметкерлеріміздің отбасы құндылығын нығайту мақсатында дүниежүзіңлік кітап күніне орай, акция ұйымдастырып отырмыз. Акцияға 7 қызметкеріміз қатысты. Бұл- іс шара барысында, олар өздерінің балаларымен бірлесіп кітап оқыды.

Балаларына рухани тәрбие берді. Бұндай акциялар ата-ана ретіндегі бала алдындағы жауапкершілігін арттырады. Әрі, ҚАЖ қызметкерлерінің моральдік тұрғыдан отбасы беріктігін сақтауға игі әсері көп — деді, Д.Шахи

Мен қызыма 3 жасынан кітап оқып беремін. Суреттері бар кітапты оқыған кезде суретті нұсқасап көрсетіп атын атап, жануарлардың дауысын, қимылын салып, бейнелеп оқимын. Бұл оның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады — дейді, мекеме теологы,әділет лейтенанты Р.Рузиев. Ал, Режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Е. Ибраимов :

Біз жанұямызда қызымызды «Абай жолы» романын бірлесе оқып отырып тәрбиелейміз. Әр бөлімді аяқтаған соң,түсінігін сұрап, ортақ ой қорытып , пікірімізді бөлісеміз.Қазақтың барлық салт- дәстүрі қамтылған бұл шығармада отбасы құндылығы ерекше жазылған екен — дейді қызым . «Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді» дегендей осылайша, отбасында ата- анасымен бірлесе отырып, жастайынан рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ҚАЖ қызметкерлерінің бала тәрбиесіндегі бұл бағыты құптарлық. Егемендің еліміздің ертеңгі иелері, көш бастар көсемі кітапқұмар балалардың ортасынан шықпасына кім кепіл.

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...