Подполковник Гүлмира

         Ішкі істер саласында қызмет ету-жауапкершілігі мол жүк дер едім, әсіресе нәзік жандыларға. Жаны нәзік болса да, рухы мықты екенін жылдар бойы атқарған қызметімен дәлелдеп келе жатқан ҚАЖД №60 мекеменің кадр бөлімінің бастығы Гүлмира Алтынбекқызы. Ол 2010 жылдан бастап ішкі істер саласында аянбай еңбек етіп келеді. Құқық қорғау саласында жұмыс жасауды бала күнінен армандаған  Гүлмираның айтуынша,  жанұядағы жылулық оның көздеген жоспарларын іске асыруына мұрындық болған. Бала күнінде форма киген қыз-келіншектерді көргенде сүйсініп, осылардай боламын деген  арманы  алға  жетелеп, қәзіргі таңда  сол  арманының асқар шыңына шыққан формадағы нәзік жанды қызметкер, қәзіргі таңда мекеменің әділет подполковнигі, кадр бөлімінің бас маманы.

          Кадр саясатында еңбек ету кәсіби шеберлік пен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Гүлмираның қызметі жұмысқа тұрушының жеке іс-қағаздарын қабылдап, олардың дұрыс толтырылуына басшылық жасау. Кадр бөлімінде мекеменің құрылымдық бөлімі, қызметтің атауы және әрбір қызметтік орынның штаттық саны көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс атқарған уақытында жұмысқа уақтылы  келуі, кетуі жайлы мәліметтерді жинақтайды. Жұмыстан босайтын қызметкерді босату туралы бұйрықты дайындайды. Қызметкерлерді қабылдау, бөлімшелер басшыларымен бірлесіп қызметке бейімделу жұмыстарын, еңбек тәртібін бақылауды, сонымен қатар бұйрық және өкім құжаттарын жүргізеді.

          Дәл осындай қызметтерді атқару барысында мұқияттылығы мен жауапкершілігінің, адал  қызметінің  нәтижесінде жоғарғы  мемлекеттік марапаттарға  ие  болған  Гүлмира  Алтынбекқызы  Қылмыстық-атқару жүйесінде ер азаматқа тән ауыр қызмет пен нәзік жанды әйел затының мойнындағы міндетті қатар атқарып жүрген, екі  ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана.

          Осы орайды пайдаланып Гүлмира Алынбекқызының  бүгінгі туған күнімен  құттықтай отырып №60 мекеме  ұжымының  атынан төмендегі керемет өлең  жолдарын арнаймыз.

Шаттық күнді талай бірге жырластық,

Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық.

Замдарымыз болса-дағы бірнешеу,

Кадрда ол бәрімізге бір бастық.

Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,

Мамандармыз, болмайды істе білместік.

Бірімізге тілекшіміз бәріміз,

Жүрмейді мұнда пендешілік күндестік.

Таныс мұнда барлығы да ал саған,

Басқа ұжымды емессің сен аңсаған.

Әрбір жылың осында өткен бағалы,

Біледі оны осы жерде қанша адам.

Қарайлаумен мағыналы өткенге,

Құттықтаймыз төбең көкке жеткенде.

Мақсаттарың жүзеге ассын ойдағы,

Мақсаты жоқ бізде өйткені жоқ пенде.

Шын тілекші саған бүгін екен ел,

Жұмысыңда жетістікке жете бер.

Биіктерден қол бұлғасын марапат,

Еткен еңбек қашанда да өтелер.

Әрбір  күнің сеніміңді ақтасын,

Аман болсын өз отаның — отбасың.

Тәжірибең тың ойларға жетелеп,

Бола  берсін басыңда тек бақ басым.

Тағы лебіз айтайықшы болып кеш,

Сен де талай ұжымдасты дәріптес.

Саған табыс тілейді бүгін барлығы,

Құтты болсын  туған күнің әріптес!

№60 мекеме баспасөз қызметі

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...