«Пират» атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек Жолы» шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, Пират есімді қызметтік ит Өзбекстан азаматында есірткі затына ұқсас заттың бар екеніне белгі берген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның «гашиш» есірткісі екені анықталды. Күдікті шетелдік қамауға алынды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір қылмыс жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...