Петропавлда полицейлер есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті

Синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті – 20 жастағы қала тұрғыны. Ол мамыр айында ұсталды. Жас жігітте өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек болған. Тағы 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс Халтурин к., бойындағы тұрғылықты мекенжайынан табылды. Сараптама «спайс» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі, сондай-ақ оны дайындауға арналған прекурсорлар екендігін көрсетті. Күдіктінің айтуынша, есірткіні ол жеке пайдалану үшін сақтаған. Сонымен қатар, тәркіленген есірткінің саны 200 реттік дозаға жуық, есірткі затының жалпы салмағы – шамамен 8 грамм, ол аса ірі мөлшеріне жатады. Оның үйінен респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

«Қазіргі уақытта күдікті қамауда, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. — ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді».

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...