Петропавл қ. пробация қызметінің есебінде 312 адам тұр

Пробация қызметі сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіруді және әлеуметтік бейімдеуді жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды әлеуметтік-құқықтық институты болып табылады. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде 312 сотталған есепте тұр, оның ішінде бас бостандығын шектеуге — 223, қоғамдық жұмыстарға — 1, түзеу жұмыстарына — 1, белгiлi бiр лауазымда
болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылғандар — 53, шартты сотталғандар — 30, жазаны өтеу кейінге қалдырылғандар— 4.

Жыл басынан бері жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзғаны, тіркеуге келмегені, кешкі уақытта тұрғылықты жері бойынша болмағаны, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 38 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

«Пробация қызметінің қызметкерлері есепке алынған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қоғамдық пайдалы іс-шаралар ұйымдастырады»,- деп атап өтті Петропавл қ. ПҚБ бастығы әділет подполковнигі Александр Викторович Шевченко.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...