Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық шағым түсірді

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты апелляциялық шағым түсірді. Арман Дәулетияров бұл ақпаратты растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат оларды ақтауды сұрағанын айтты.

«Иә, апелляциялық шағым түсірдім. Апелляциялық шағымда қылмыс құрамы болмауына байланысты үкімнің күшін жоюды және ақтауды сұрадым», — деді адвокат.

Шағым қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, 25 шілдеде шығарылған үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.