Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? 

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай Қайырбековтің айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасуы оның игерген дағдысы мен бос жұмыс орындарына байланысты шешіледі.

«Оның қабілетіне қарай қолайлы бос орындарды қарастырамыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, мұндай сотталғандарды оқытамыз», — деді ол.

ІІМ өкілінің сөзінше, қажет болған жағдайда Перизат Қайрат колония жанындағы колледжде немесе курстарда оқытылады.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді.

Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген.

Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді.

Қазақстандағы көпбалалы аналар: Елде қанша «Алтын алқа» иегері бар 

Қазақстан өңірдегі туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары әрі көпбалалы отбасылар саны тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып қала береді.

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

9 мамыр - Жеңіс күні. Мерекеге орай Қазақстан азаматтары...