Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануына орай амнистия жариялау туралы бастама көтерді. Амнистия азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты болмақ. Елде әкімшілік амнистия енгізу не үшін ұсынылды? Рақымшылықтың бұл түрі көбіне қандай құқықбұзушылықтарға қатысты жариялануы мүмкін? BAQ.KZ тілшісі заң кеңесшісі, “Астана Юрист” компаниясының аға серіктесі Арыс Данагатовтан сұрап білді. 

Қазақстанда әкімшілік амнистия енгізу мәселесі не себепті жиі көтеріле бастады?

Заңгердің сөзінше, қазіргі уақытта қылмыстық істерден гөрі әкімшілік істермен жүгінетіндер көбейген. 

Маған халық «3-4 жыл бұрынғы айыппұлым үшін есепшотым жабылып тұр, оның не үшін салынғанын есіме түсіре алмаймын» деген сияқты қарапайым сұрақтармен келіп, көмек сұрайды. Бұл бір ғана жағдай емес, бұл кең таралған жағдай. Барлық жерге камералар қойылды, айыппұлдар автоматты түрде келеді, «айыппұлмен келіспеген жағдайда не істеймін» деген механизм тым қиын. Заңгер ретінде апелляциялық шағым беру керегін білемін, бірақ оған көп уақыт пен күш кетеді. Қарапайым халық ше? Олар жай ғана қолын сілтей салады. Сонымен, айыппұл үйіліп қалды. Бұл мәселе шыдам таусылғандықтан көтеріліп отыр, — дейді заңгер. 

Арыс Данагатов әкімшілік амнистия деген не және ол рақымшылықтың басқа түрлерінен несімен ерекшеленетінін түсіндірді. 

Қылмыстық рақымшылық қылмыс жасап, түрмеде отырған немесе тергеуде отырғандарға арналған. Әкімшілік рақымшылық сіз бен бізге арналған. Тұрақ айыппұлыңыз болса, камераға түсіп айыппұл алсаңыз, мерзімі өткен шағын бизнес лицензиясы үшін, жылдар бойы айыппұлдар жиналып, мемлекетке ақшалай қарыздарыңыз болса әкімшілік амнистия жасалуы мүмкін. Заңды тұрғыдан алғанда, бұл түбегейлі басқа шаралар. Мен үкімет ақыры осындай шара қабылдағанына қуаныштымын, — дейді заңгер. 

Арыс Данагатов биыл әкімшілік амнистия Қазақстанда алғаш рет қолданылатынын атап өтті.

Шынымды айтсам, басында жариялаған кезде мен сенбедім. Мен мұны жай ғана кезекті салық декларациясы секілді процесс деп ойладым. Бірақ мен процесс жүріп жатқанын көріп отырмыз, ал Мәжіліс заң жобасын қабылдады, — дейді маман.

Әкімшілік амнистия көбіне қандай құқықбұзушылықтарға қатысты жариялануы мүмкін?

Заңгер ретінде де, авто жүргізуші ретінде де айтарым, бұл негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар. Мен өзім бірнеше жыл бұрын жылдамдықты арттырғаным үшін айыппұл алдым, оған мүлдем келіспедім. Жүйенің іші-сыртын білемін. Адамдардың көпшілігі дауласпайды. Төлейді немесе айыппұлы жиналып қалады. Сондықтан амнистияға кіретін айыппұлдардың 90 пайызы ІІМ айыппұлдары, олардың басым бөлігі жол айыппұлдары болатыны заңды, — дейді заңгер.

Амнистияның пайдасы

Заңгер әкімшілік рақымшылық халық үшін нақты сезілетін пайда екенін айтады. 

Жиырма мың теңгелік айыппұл салдарынан шоты бұғатталып, жалақысын ала алмаған отбасыларды өз көзіммен көрдім. Үш жыл бұрынғы әкімшілік борыш салдарынан ЖШС-ны қайта тіркей алмаған кәсіпкерлерді де көрдім. Бұл қарапайым адамдардың өмірінде кездесетін жайттар. Олар үшін амнистия заңды акт емес, демалып, бәрін «таза парақтан» бастау мүмкіндігі. Заңгер ретінде бір нәрсені қосамын: есептен шығару бір жерге барып, өтініш беріп, кезекте тұрмай-ақ автоматты түрде жүргізілуі тиіс, — дейді маман. 

Арыс Данагатовтың сөзінше, әкімшілік амнистия тағы қайталанса, қоғамдағы құқықтық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін.

Заңгер ретіндегі басты алаңдаушылығым осы. Судья әріптестерімнен, прокурорлардан: «Адамдар төлемесе де болады деп ойлайды, кейін бәрібір кешіреді деп ойлап, төлемей кетуі әбден мүмкін» дегенді естимін. Бұл негізсіз қорқыныш емес. Бірақ мен жағдайға басқаша қараймын. Заңға деген немқұрайдылық бізде амнистиядан пайда болған жоқ — ол бұрыннан бар. Амнистияның өзі құқықтық тәртіпті бұзбайды. Бес жылдан кейін қайталанса — бұзады. Сондықтан мен амнистияны қолдаймын, бірақ оның дәстүрге айналуына қатаң қарсымын, — дейді маман. 

Маман Қазақстанға дәл қазір әкімшілік амнистия қажет екенін баса айтты. 

Мен мұны заңгер ретінде де, азамат ретінде де, осы елде өмір сүріп жүрген адам ретінде де амнистия қажет деп санаймын. Мемлекет қарапайым халыққа бәрін жаңадан бастауға мүмкіндік беріп отыр, — дейді заңгер. 

Құрбан айт: елімізде құрбандыққа шалатын мал бағасы өсті

Қазір ірі қара мал (ІҚМ) үшін 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қой үшін - 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін сұралады.

Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Әлемде мұнай бағасы төмендеді

АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге жақындағаны туралы хабарлар аясында...

Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа мүмкіндік беріледі: Не өзгереді? 

Визасыз режим, электронды виза және цифрлық көші-қон жүйесі: Қазақстан...

Алда Қазақстан азаматтарын қысқа жұмыс аптасы күтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес 2026 жылы...