Павлодар облысында уланған алтыншы адам қайтыс болды

Павлодар облысында белгісіз затпен уланып, қайтыс болғандар саны алтыға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«1980 жылғы науқастың жағдайы өте ауыр болды. Ол 29 мамырда таңертең қайтыс болды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір жансақтау бөлімінде Ертістен Павлодардың қалалық ауруханасына жеткізілген тағы бір ер адам бар. Оның жағдайы да өте ауыр.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болғаны белгі болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Аталған дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

Сомалар алдын ала жазылған шарттар мен кінәні мойындау – Боқаевтың ісі бойынша сот жалғасып жатыр

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа, оның жиені...

Правовые основы формирования циркулярной экономики

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби организовал международную научно-практическую конференцию...

Циркулярлық экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кеден, қаржы және экологиялық...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...