12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Павлодар облысында белгісіз заттан уланған жетінші адам қайтыс болды

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, қайтыс болғандар саны жетіге жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №3 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 48 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

«Өкінішке қарай, 29 мамырда таңертең белгісіз заттан уланған жеті науқастың соңғысы қайтыс болды», — деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Бұл дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...