Парламент үш жылға арналған бюджетті қабылдады

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерін келісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңге болатын 57 түзету енгізді, оның ішінде 2023 жылы — 30 миллиард теңге, 2024 жылы — 29 миллиард теңге, 2025 жылы — 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар жолдарды дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына ҚР парламенті сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды келісу туралы ұсыныс жасады», — деді Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Құжат ел президентінің қол қоюына жіберілді.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады