Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

Қазір пәтерін жалға беріп, оны табыс көзіне айналдырып отырған адам көбейген. Мұндай кәсіппен айналысатындар дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек пе? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, мынадай шарттар орындалса, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емессіз:

  • сізге жұмыс істейтін қызметкер жоқ;
  • пәтеріңізді тек жеке тұлғаға жалға беріп отырсыз;
  • сіздің жылдық кірісіңіз 1175 АЕК-тен, яғни 4 053 750 теңгеден аспайды.

Бұл ретте тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. Тұрғын үй — белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй бірлігі.

БЖТ төлейтін азамат тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайды жалға бере алмайды. Яғни БЖТ төлеушіге мүлікті заңды тұлғаға жалға беруге тыйым салынады.

«Осындай жағдайлар болса, сіз ҚР Салық кодексінің 774-бабында көрсетілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей аласыз. Бұл төлемді егер сіз қалада тұратын бослаңыз айына 1 АЕК(3 450 теңге), ал ауылды жерде тұратын болсаңыз 0,5 АЕК(1 725 теңге) мөлшерінде жасайсыз», — дейді заңгер.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.