12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОВ156/2 мекемесінде сотталғандармен патриоттық бағытта дәріс өткізілді

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» –дегендей 40 жылдай еңбек өтілімі бар көптеген жерлерде басшылық қызметте болған қазіргі уақытта №2 кешкі мектеп директоры қызметін атқарып жүрген тарих пәнінің маманы Еркеш Ергазинович Жортаров өз мамандығын жақсы көреді.
Мекемедегі сотталғандарға көне заманнан келе жатқан салт- дәстүріміз әдет ғұрпымыздың осы қазіргі дінімізге тікелей байланыстылығын тарихтан тереңірек үңіліп түсіндіруге тырысты.Қазақ халқының қалыптасуына және дүние танымы мен салт-дәстурі ажырамас маңызды роль атқарған ислам діні деп айтуға болады. Салт-дәстүріміз,мәдениетіміз Сақ,Ғұн,Үйсін,Дулат,Қыпшақ Қазақ хандыгы кезеңінде рухани қазынамыздың түп қазығына айналды.Ислам діні өркендеп тұрғанда
Әл-Фараби,М.Қашқари,М.Дулати,А.Яссауи,Ш.Уалиханов,А. Қунанбаев,Ш.Құдайберді сияқты ұлы ойшылдар мен ағартушылар ғылым мен мәдениетке үлкен үлестерін қосты.Ғұн бабаларымыз жеріміздегі бір түйір тасты да сатуға болмайды деп айтса,ол тұжырымды «Алаш Орда»бағдарламасында жер қазақтын меншігі деп жазды.Қазақ хандығы Салқам Жәнгір,Әбілхайыр хан,Абылай хан, Кенесары хан,қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін батыр сабаздар ат үстінде жүріп елін жерін қорғады.
Шынғыс хан империясын құруда Кетбұға үлкен үлес қосса,сұлтан Бейбарыс пен оның ұрпақтары Египетте меміленкет құрып, шекарасын таяушығысқа дейін кеңейтіп,исламның қасиетті жерін крестшілерден аман алыпқалып,Пайғанбарларға кесене салғызып, кейбіреуін қалпына келтірген.
Түркістан Қазақ хандығының астанасына Ақсақ Темір А.Яссауиге кесене тұрғызды,ол кесенеде кейбір қазақ хандары жерленген.
Бүгінгі таңда Түркістан жеке облыс орталығы болып «рухани жаңғыртудың» жаңа қезеңіне аяқ басты.Қазақтың « Жеті Жарғысында»- жеті атаға дейін қыз алыспау,ата бабаңды құрметтеу заңдылыққа айналып ,бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Қазақтың тарихи эпостық жырлары арқылы Ер төстік,Едіге,Қобыланды,Қыз Жібек т.с.с жырлары ұрпақтан ұрпаққа жетті. Қазақтың салт-дәстүріндегі туыстық қатынастар құдалар,ағайындар,нағашы,жиен,бөле,немере, шөбере,шөпшек,немене т.б қазақтың бірлігін татулығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді, «А. Гитлер» мемілекетті құрту үшін келешекте «жеңіл музыка» арқылы жетуге болады деген қағидасына қарсы, тәуелсіз Қазақстан дәстүрлі мәдениетімізді жоғалтпай өмір сүрсек ешқандай «Батыстың мәдениеті» бізді жаулап ала алмайды-деп сөзін аяқтады тарих пәнінің ұстазы Еркеш Ергазинович.

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...