Отырарлық полицейлер тұрғындардың шағымы бойынша жүргізушілерге ескерту жасады

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар шағымданды. Олардың айтуынша, Шәуілдір ауылынан Түркістан қаласы арасында үлкен жол салынуда. Осыған байланысты жол тастарын тасымалдап жатқан ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жылдамдықпен жүретінін айтып, тексеру жұмыстарын жүргізуді сұраған.

  Келіп түскен шағым бойынша тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Полицейлер арнайы іс-шара ұйымдастырып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде көлікті мас халде басқарған Хоба маркалы жүк көлігінің 2 жүргізушісі анықталды. Аталған көлік жүргізушілеріне полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама түзіп, сотқа жолдады. Соттың шешіміне байланысты көлік жүргізушілері 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жол салып жатқан фирмалардың басшылары мен жүргізушілерге жылдамдықты асырмау керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...