12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді

Қазіргі таңда еліміздің оңтүстік өңірі өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуда алдыңғы орында келеді. Әсіресе мақта өндірісі бұл өңірге жат емес. Ағымдағы жылы мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 030 адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Енді алдағы уақытта мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші 60 центнерге жетеді. Нәтижесінде, 229 мың тонна мақта өңделеді деп күтіліп отыр. Өйткені Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілген. Нәтижесінде, 45 центнер мақта жиналған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, «2 мақта өңдеу зауыты және2 су үнемдеу технологиясын шығаратын өндірісі іске қосылған. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталуда. Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынуда. Желтоқсан айында іске қосылады. Құны 35 млрд.теңге, 251 жұмыс орны ашылады. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу жоспарлануда».

Сондай ақ Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда.

Бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat»,  «Turkestan Agro.kz» және «Бес қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Нәтижесінде, қосымша 35 мың тонна ет өңделетін болады. Жалпы кластерлік бағыт, отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді. Аталған 3 кластерді дамыту есебінен2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд.теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Түлкібас ауданында ет бағытында ірі құс фабрикасының салынбақ

Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясымен ет бағытында ірі құс...

Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт  болатын жел электр станциясы бой көтермек

Бұл туралы бүгін Астанада Түркістан облысының әлеуметтік экономикалық дамуы...

Нұралхан Көшеров: «Өсім қарқыны бойынша республикада алғашқы бестікке жайғастық»

"Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында облыстың...

«Өңірде 185 млрд. теңге инвестиция тартылып,1 175 жұмыс орны ашылады деп күтілуде…»

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің дамуы...

Түркістан облысында 152 млрд. теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі...