12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Отбасының тыныштығын қорғау басты орында

Отан отбасындағы тәрбиеден, сүйіспеншіліктен бастау алады. Отбасылық құндылыққа мән берудің, жанұя жарасымдылығын сақтаудың маңызы осында. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған елімізде қазір әрбір тіркелген үш некенің біреуі ажырасумен аяқталады. Некелік одақты бұзып, ажырасуға бел буғандардың алға тартатын себебі әртүрлі. Ерлі-зайыптылар көбінесе материалдық жағдайдың төмендігін, мінездерінің үйлес­пегенін, ортақ баланың болмауын, сондай-ақ, күйеуінің ішімдік пен есірткі заттарына үйір болуын, отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдамағанын айтып, некені бұзуға өтініш береді. Осы себептердің ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ерекше тоқталып өткен жөн.

Себебі, заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар қабылданып, пәрменді шаралар қолға алынса да әлі күнге дейін әйеліне қол жұмсап, әлімжеттік көрсететіндер тыйылар емес. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті жиынында отбасына зорлық-зомбылық көрсететіндермен жүйелі түрде әлеуметтік-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қадап айтты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 73-бабымен қаралуда.
Соттарда осы бап аясында қаралатын істер аз емес. Тәжірибе көрсетіп отыр­ғандай сотқа арызданған жандарды жақындарының үнемі тілдеуі, отбасында тыныштық бермеуі, былапыт сөйлеуі, өзі табыс таппағанымен қоймай үйдің мүлкін бүлдіруі, қол жұмсап, қорлауы түрткі болады. Әрі көпшілігі мұндай әлімжеттік қайталана берген соң құзырлы орындардан көмек сұрауға амалсыз қадам жасап жатады. Мысалы, 73-баптың 1-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру секілді әрекет үшін құқық бұзушыға ескерту жасалып не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қолданылады. Ал осы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн құқық бұзушылық бiр жыл iшiнде қайталанса он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қолданылады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, әлімжеттік жасап ұрып-соғу әрекеттері үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жаза қатаң. Мұндай қатігез әрекеттер үшін құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа алумен бірге, әкімшілік айыппұл да төлеуге тура келеді.
Құқығы тапталып, өз қайғысымен жеке қалған нәзік жандылар елімізде Ата Заңнан бастап, көптеген құқықтық құжаттарда азаматтар теңдігіне кепілдік берілгенінен хабарсыз. Ал Конституцияда адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.Осыған орай отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ақпараттық, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілгені жөн. Мұндайда құқықтық сауатты көтерудің маңызы зор.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ішкі істе р органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдары жеке профилактикалық шаралар қолданып, сондай-ақ, оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттай алады. Бұл жерде әлімжеттік жасаған адаммен де, зорлық көрген адаммен де сөйлесіп, түсіндіру шараларын жүргізу маңызды.
Әйелдер өзін сыйлауы, өз құқығын таптатпауы керек. Әрбір ана бақытты болуға лайықты.

Арайлым Еламанова,
Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...