12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық

Дамыған қоғамда тұрғанымызға қарамастан, отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі кездеседі.Бұл тұрғыда психолог маманынан сұхбат алдық.

 “Жан- Сая” дағдарыс орталығының психологы Істілеуова Маржан Талғатқызы Алматы қаласы бойынша 2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін қызмет етуде.

Көмек сұрап келген жандарға ең алғаш қандай көмек көрсетесіздер?

Орталық баспанасы 50 адамға есептелінген. Көмек сұрап келген адамдар орталықта ең ұзақ 6 ай бола алады. Зардап шеккен  әйелдің жағдайына қарай стандарт бойынша идентификациялап 1 ай ғана уақыт берілуіде мүмкін. Көбінде жалған оқиғамен жүгініп түпкі мақсаты тегін тұрып, тамақ ішу болып шығуда ықтималды. Бұның бәрі алдын ала тексеріліп қарастырылады.Біздегі мақсат қиындық көрген адамға пайдамызды тигізіп тезірек ресоциолизациялау. Тексеруден өткеннен кейін  гигиена үшін қажетті заттар, күйзелістен шығуға көмектесу жанеде арнайы курстарға қатысып сертификаттау орталықта қарастырылған.

 Балалармен қандай бағытта жұмыс жасайсыздар?

Осы аталған мамандардың  барлығы балармен жұмыс жасайды, жеке психологиялық тұрғыдан алатын болсақ бала оқиғаның куәгері , сол себепті  ол зардап шеккен адамнан да көп күйзеліске түседі, стресстегі бала ұзақ уақыт бойы жабық әрі айналасындағылармен қарым қатынасқа түсе алмай психосоматикалық аурулар пайда болады. Бейімделу кезеңінде баламен қарым қатынасты реттеуден бастап одан кейін пайда болған мәселелермен психолог мамандар әртүрлі методикаларды қолданып жұмыс жасайды.

Көбінесе қандай зорлық-зомбылыққа тап болған адамдар жүгінеді?

Бізге тек ерлі зайыптылардың арасындағы ғана емес сондай ақ әр түрлі отбасы жағдайларынан зардап шеккендер жүгінеді, мысалы Анасымен немесе Әкесімен араларында үлкен мәселелер пайда болған бала көмекке жүгіне алады. Әрине зорлық-зомбылық әртүрлі болады бірақ соның ішінде физикалық зорлыққа ұшырағандар көп, кейбір ер азаматтар әдейі із қалдырмай қол көтереді бұны талдап дәлелдеу қиынға туады. Жан-жақты туысқандардан немесе кез келген адамдардан естілетін «Сенің қолыңнан ештеңе келмейді», «Сен ешкім емессің» сияқты т.б адамды басып тастайтын сөздермен жасалған психологиялық зорлық-зомбылық, көбіміз білетін ене мен келін арасындағы жанжалдық ситуацияларға ұшырғандармен жұмыс жасаймыз.

Орталыққа түскенге дейінгі және кейінгі жағдайлардың айырмашылықтары қандай?

Әрине орталыққа түскен адамның терең күйзелісте болатыны анық. Болашақты ойлау қиын болып әрдайым осы қалпымда қаламын деген ойлар болады. Бейімделу кезеңінің бірінде тағдырлас адамдарының оқиғаларымен танысып, сол секілді оқиға тек өзінде емес екенін түсінгеннен соң ойлары өзгере бастайды. Орталықтағы курстар мен мамандардың бағыттауының арқасында  өз-өзіне деген сенімділік пайда болғаны байқала бастайды. Орталықтағы ерлі зайыптылар мәселесінде біздегі мақсат оларды ажырату емес, мәселенің түпкі себебін анықтап  шешу жолдарын тауып жұмыс жасау.  Кейбір ер азаматтар өз қателіктерін түсініп отбасын жоғалтып алмауға әрекет жасай бастағанда шешімді әйел азаматты қабылдайды. Жарынан өзгерістер байқап кездесіп, сөйлесіп көргісі келсе біз қарсы болмаймыз. Күйеуін қабылдап онымен қайта тұрып көремін деп шешсе де біз  қолдаймыз. Сонымен қоса бізде агрессорлармен жұмыс істейтін пилоттық проект бар, яғни біздегі полиция қызметкерлір әйелдеріне физикалық зорлық көрсеткен күйеулерін орталыққа алып кетіп проект бойынша бірлесе отырып түзету жұмыстары жүргізіледі. Ойымыз тек қана әйелдерді алып кетіп жұмыс жүргізу емес ер азаматтардың да неліктен физикалық агрессия көрсетуін анықтаймыз.  Ер кісілердің де психологиялық  мәселелері болуы мүмкін. Бірақ проектымыздың бір минусы бұл заңсыз болуы, біз қазір осы үшін тиісті органдармен проектымызге заңды құқық беруіне талпынып жатырмыз.

Басында курстар туралы айтып кеттіңіз олар нақты қандай курстар,сол жайлы толықтырып кете аласыз ба?

Біздің орталықта ғана емес Алматы қаласы бойынша «Бақыты отбасы» курсы бар , сол жерде әр уақытта әр түрлі сабақтар жүргізіледі, әйелдер сол орталыққа барып қалаған оқуларын оқып сертификат алып белгілі бір мамандық иесі болып шыға алады мысалы шаштараз,кондитер деген сияқты қысқа мерзімдегі курстар.

Балалардың психологиялық травмаларымен қалай жұмыс жасайсыздар?

 Балалардың психологиялақ травмаларын тікелей ата-анасымен ара қатынасын жөндеуден бастаймыз. Барлығын ішінде сақтаған бала бірнеше жылдардан кейін сырттай көрсете бастауы мүнкін. Алдымен мінез құлқынан , ата-анасының арасында сыйластықтың бұзылуы, ешнарсеге қызығушылығы жоғалады, тамақ ішуден бас тарту бұның барлығын өтпелі кезеңмен шатастырмау керек. Ата-ананың арасындағы мәселеде бала қалып кетуі мүмкін, сол кезде балаға да дауыс көтеріліеді , арадағы айқай шудан өте үлкен психолгиялық соққы болады, бала дегенмен оны өмір бойы ұмытпайды, бірақ егер психологтармен тиісті жұмыс жүргізілсе бала ондай жағдайда тек өзінде емес екенін түсініп айналасына күліп қарай бастайды.Тек анасымен  әкесі жанында болып көбірек уақыт бөлуі керек.

Дадаханова Сабина Тұрғынжанқызы

Ихтияр кызы Чынара

Клиентоориентированность-главное требование для современных  государственных служащих

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Жоғарғы Сот республика соттарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кеңейтілген...

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

 Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного...

Абай — дана

«Биылғы жылы Қазақстан тарихи маңызы бар бірқатар мерейтойлық даталарды...