“Отбасылық қарым-қатынас психологиясы”

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесіндегі «Жусан» операциясымен елге оралған экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен «Отбасылық қарым-қатынас психологиясы» атты тренинг өтті.
Мақсаты: «Отбасы» ұғымын кеңінен ашу. Отбасындағы өзіндік рөлдің маңыздылығын анықтау. Отбасындағы ана және әкенің рөлін анықтау. Өзіне деген және өзгелерге деген өзгерістерге бағытталған психокоррекциялық жаттығулар жиынтығы арқылы өз отбасыларындағы қарым-қатынас динамикасын реттеу. Өзінің отбасындағы сценарийге талдау жасап, бостандыққа шыққаннан кейінгі болашақ отбасылық өмірлеріне жағымды түзетулер енгізуге үйрену.
Тренинг «Қуыршақ терапиясынан» басталып, әр қатысушы туралы қосымша ақпараттар алынып, позитивті ахуал орнатылды. «Отбасы біздің өмірімізде қандай рөлге ие?», «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу, «Сен қандай сезімдерді білесің?» сынды бөлімдерде қатысушылардың эмоционалдық сферасы зерделенді. Сонымен қатар «Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтамыз», «Аспан. Жер. Су» жаттығулары арқылы жылдамдыққа және шапшаң ойланып жауап беруге бағытталды. «Жағдай осылай» жаттығуында ситуациялық сұрақтар талқыланып, пікірталас арқылы ойлары тұжырымдалды.
​«Рефлексияда» қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз...

КАРЬЕРНЫЙ РОСТ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ: ПРИНЦИП МЕРИТОКРАТИИ

Одним из ключевых принципов государственной службы является меритократия, то...