Отбасы құндылықтары

Ағымдағы жылдың наурыз айының 19шы жұлдызында Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 әйелдер түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен “Қасиетті Рамазан айы” мен “Ұлыстың ұлы күні Наурыз” мерекесіне орай, «Отбасы құндылықтары» тақырыбында интеллектуалды ойын, психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: “Жыл басы – Наурыз мейрамын” атап өтудің маңыздылығын ашу. Ұлыстың ұлы күні ұлттың ауызбіршілігін нығайтып, ұмытыла бастаған қазақылық қасиеттерімізді қайта тірілтуге ат салысу.
Наурызды тойлау дәстүрі адамның ізгі қасиеттерін — ашық мінезділікті, мейірбандылықты, ілтипаттылықты, жанашырлықты өркендетуге бағытталған. Оның келуін асыға күтетін бір себебі де сол. Қазақтар бұл мейрамда ең жақсы киімдерін киіп, туған-туыс, көрші-қолаңмен жиналып, дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтып, би билейді. Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер де қалыптасқан. Оның ішінде ең маңыздысы – жаңаруға, тазалыққа бет бұру. Тренинг барысында Наурызды дәріптеу мақсатында көптеген ақпараттар беріліп, бұрын білетін білімдерін шыңдау мақсатында интеллектуалды сұрақтар қойылды.
Сотталған азаматшалар әр сауалға жарыса жауап беріп, өз белсенділіктері мен білімдерін көрсетіп, ерекше ықылас таныта білді. Тренинг соңында шараны ұйымдастырған Атырау облысы Дін істер басқармасы “Жәрдем-Атырау” қорының өкілдеріне алғыс білдіріп, осындай ұлттық тақырыптағы шаралардың жалғасын табуына ұсыныстарын жеткізді. Ең белсенді қатысушылар марапатталды.

Комплексное обновление

«АЛАКОЛЬ – ОДНА ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ТУРИСТИЧЕСКИХ ТОЧЕК РЕГИОНА. ПОЭТОМУ...

Меморандум о партнерстве

ИЗВЕСТНО, ЧТО В РАМКАХ ГОСУДАРСТВЕННОГО ВИЗИТА ПРЕЗИДЕНТА ТУРЦИИ РЕДЖЕПА...

Совместные инициативы

На полях 79-й Всемирной ассамблеи здравоохранения в штабквартире Всемирной...

Одобрены в первом чтении

Депутаты Парламента на совместном заседании палат под председательством Спикера...

Величие простых героев

В Алматинской области прошло торжественное событие, которое выходит за...