12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ

Ақмола облысындағы «Тыныс» деп аталатын акционерлік қоғам шығаратын өнімдер легі нағыз сұранысқа ие десек болады. Өңірдегі ең ірі кәсіпорын қатарындағы өндіріс орны авиацияға қажетті техника тораптары мен әрқилы агрегаттарды дайындауға маманданған. Бір сөзбен айтқанда, қорғаныс саласының қажеттілін орындайды.

65 жылдан бері жұмысын үзбеген кәсіпорын түрлі дағдарысты бастан кешсе де, өзінің білікті кадрларымен қоса, өндірістік инфрақұрылымды және осында шығатын өнімдерінің негізгі сапа көрсеткішін сақтай білген. Сонымен қатар, қазіргі заманға бейімделіп, үлкен инвестициялық жобаларды және қызмет көрсетудің жаңа бағыттарын игерген. Мысалы, кәсіпорын 2005 жылы «Krauss Maffei» атты неміс құрылғысын іске қосып, өндірісте пайдалану арқылы диаметрі 10 мм-ден 250 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларды игеруге арналған керемет жобаны қолға алған болатын. Аталған инвестициялық жоба «Тыныс» АҚ-ның екінші тынысын ашып, кәсіпорынға жақсы табыс әкелді. Ең ұтымдысы – о сы өндірістен шыққан құбырларды пайдалану арқылы елді мекендерді таза сумен қамту жұмыстары да жүргізілді. Өйткені, өнім мықты әрі ұзақ уақытқа шыдайтын еді. Бүгінде диаметрі 110-нан 1 000 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырлары әлі де өндіріледі. Тапсырыс та көп. Ал кәсіпорын басшыларының айтуынша, кәсіпорын осылайша жылына мың тоннаға дейін газ саласында пайдаланылатын құрылғылар құйып келеді. Айта кетейік, бұл бұрынғы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шешімі бойынша өнеркәсіптің өңірлік картасына енгізілген халықаралық жоба еді. «Мұнан кейін кәсіпорында жеке қорғаныс құралдарын дайындау цехы ашылды. Еліміздің күштік құрылымдары үшін оқ өткізбейтін жилеттер, соққыдан сақтап қалатын берік, мықты қалқандар шығара бастадық. Үнемі ізденіс үстіндегі біздің ұжым 2017 жылдан бастап автомобиль крандарын құрастыру цехын іске қосты. Шаруа мұнымен де шектеліп қалған жоқ. Электр қуатымен жүретін мүгедектер арбасын дайындау да жағымды жаңалықтың бірі болды. Әншейін арба ғана емес, қарға адым жер мұң болған қаншама мүмкіндігі шектеулі адамның алғысын алатын ең қажетті өнім», – дейді кәсіпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаев. Кәсіпорын өнімі мұнымен тоқтамайды. Мұнда медициналық жабдықтар, өрт сөндіру құралдары, байланыс желісіне қажетті бөлшектер өндіріледі. Ал ұжымда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды алға сүйреп келе жатқан да осы бірлігі жарасқан ұжым. Мұнда еңбекті қорғауға тиісті көңіл бөлінген. Жыл сайын қызметкерлерге медициналық сақтандыруға талап қойылады әрі толықтай медициналық тексеруден өтеді. Толық жабдықталған денсаулық сақтау пункті де бар. Мұнымен қоса, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге өтемақы төленеді. Нәрестелі болған аналарға материалдық көмек көрсетілсе, бала күтіміне байланысты демалыста жүргендерге ең төменгі жалақы төленіп тұрады. Сондай-ақ, жұмысшыларға елдегі шипажайларға жолдама беріледі екен. №6 цехтың шебері Мейрам Тәшеновтің айтуынша, аталған кәсіпорын өз қызметкерлерінің жағдайын көтеру, көмек көрсету мәселесінде аянып қалмайды. «Еңбек демалысына шыққан кезде екі айлық еңбекақы мөлшерінде емделу үшін жәрдемақы беріледі. Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға материалдық көмек тағы бар. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушы балаларына әр жыл сайын оқу жылы қарсаңында керек-жарақтарын түгендеп тұр. Осының барлығы қарапайым еңбек адамдарына көрсетіліп отырған қамқорлық. Енді мұндай қамқорлық жасап отырған кәсіпорынның жұмысы да алға басатыны анық. Әрі жастар да естіп, біздің ұжымда жұмыс істегісі келетіндердің қатары көбейген», – дейді ол. Мейрамның сөзінше, кәсіпорында жұмысқа жаңадан келген жастарды оқыту, тәрбиелеу ісі жақсы жолға қойылған. Кәсіби шеберлердің үйретуімен олар үлкен тәжірибеден өтеді. Екіншіден, мұнда жұмысшылардың жүктелген міндетті тыңғылықты орындауы да қадағаланады. Қадағаланып қана қоймай, кәсіпорында біліктілікті жетілдіру де жақсы жолға қойылған. Жыл сайын оқыту жоспары түзіледі. Жоспарға сәйкес жұмысшылар біліктілікті жетілдіру курсынан өтеді. Бұдан кейін тұтас кәсіпорын мүшелерінің шеберлігі арта түспесе, кемімейді.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Жеке сот орындаушылардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Жеке сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және актілеріне дау...

Мемлекеттік тілді дамыту – елдік мәселе

Ұлттың ұлт болып ұйысуы мен елдің өсіп-өркендеуінде, татулық пен...

Права государственных служащих – приоритетное направление 

С первых дней Независимости Казахстан уделяет особое внимание формированию...

Биыл Ата Заңымызға — 30 жыл!

Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Еліміздің...

Неоправданные риски

По данным акимата ВосточноКазахстанской области, в прошлом году за...