12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отандық заңгерлер АҚШ пен Ұлыбританияда адвокат бола алады

АХҚО Құқық академиясы АҚШ-тың BARBRI халықаралық заң білімін беру ұйымымен әріптестік келісімшартына қол қойды. Келісімшарт аясында Орталық Азия мен Ресейдің заңгерлері АҚШ пен Ұлыбританияда адвокаттық қызметпен айналысуға мүмкіндік алды. Ол үшін үміткерлер АХҚО Құқық академисынан арнайы курс өтіп, сынақ тапсыруы керек. Сынақтан өткен заңгерлер Калифорния мен Нью-Йоркте адвокат мәртебесін алады немесе Ұлыбританияда солиситор, яғни кәсіпқой заңгер бола алады.

Қазіргі таңда әлем бойынша бірнеше юрисдикцияны меңгерген заңгерлерге сұраныс артты. BARBRI мен АХҚО Құқық академиясы америкалық білім беру жүйесі жоқ оқу орындарының заңгер түлектерін АҚШ-та адвокат мәртебесін алу үшін тапсыратын емтиханға дайындайды. Курс аптасына оқу сағатының санына байланысты 6-10 айға созылады.

3 немесе 4 жылдық жалпы (прецеденттік) құқық саласында дипломы бар түлектер Нью-Йоркте адвокат болып жұмыс істеу үшін сынақ тапсыра алады. Ал жалпы немесе континенталды құқық дәрежесі бар заңгерлер Калифорнияда жұмыс істеу үшін тиісті сынақ тапсыру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Ал солиситор деңгейін алып, Англия мен Уэльсте қызмет еткісі келетін заңгерлер Qualified Lawyer Transfer Scheme (QLTS) атты халықаралық емтиханнан өтуі керек. Бұл сынақтан өтіп, аталған елдерде адвокаттықпен айналысу құқығына ие болған мамандар халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие екені белгілі.

QLTS емтиханы теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Кешенді сынақ коммерциялық және салық құқығы, азаматтық және қылмыстық процесс, мүлік қатынастары мен мұрагерлік секілді негізгі дисциплиналарды қамтиды. Сынақтың бірінші бөлімі онлайн тапсырылатын тест. Бұл үміткердің ағылшын құқығын қаншалықты білетінін тексереді. Екінші бөлім – Objective Structured Clinical Examination (OSCE). Шамамен бір апталық емтиханда үміткердің сұхбаттасу, ораторлық және аналитикалық ойлау қабілеттері сыналады. Мұнда үміткерлер ағылшын заңнамасын біліп қана қоймай, оны нақты іс кезінде пайдалана алатынын да көрсетуі тиіс.

Аталған сынақтан өткен заңгер жан-жақты, бәсекеге қабілетті, жаһандық деңгейде жұмыс істей алатын маман болып шығады. Отандық заңгерлерге берілген осындай теңдессіз мүмкіндікті пайдалана алған үміткерлер сынақты сәтті тапсырып шықса, ешқандай тағылымдамасыз, бірден АҚШ-тың немесе Ұлыбританияның толыққанды заңгері болып шығады.

АХҚО басшылығы отандық заңгерлер мен осы саладағы студенттерді осы мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады. «Біз заңгерлерді даярлау жөніндегі әлемдік нарықтағы көшбасшы BARBRI-мен ынтымақтасуға қуаныштымыз. BARBRI-мен серіктестік бірегей мүмкіндіктер береді. Біз заңгерлер мен студенттерді АХҚО Құқық академиясының алаңында осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз», — дейді АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Марат Әйтенов.

Өз кезегінде BARBRI басқарушы директоры Сара Хатчинсон да АХҚО-ның осы бағыттағы жұмыстарын жоғары бағалап отыр. «АХҚО Құқық академиясы – өңірлік заңгерлерге халықаралық коммерциялық құқық саласындағы білім мен дағдыларды алуға көмектесетін бірегей оқу платформасы. Біз заңгерлерге ең қолайлы жағдай жасау үшін Академияның серіктесі болуға қуаныштымыз», — дейді Сара Хатчинсон.

Айта кетейік, BARBRI бүкіл әлем бойынша 1,3 миллион заңгерге емтихан тапсыруға (U.S. bar exam) көмектесті. BARBRI жоғары оқу орындары мен заң кәсіпорындарына арналған оңтайлы шешімдерінің толық жиынтығын ұсынады. Оларға АҚШ-тағы емтихандарға дайындық, оқу бағдарламасы, халықаралық біліктіліктерге дайындық, бағдарламаларды онлайн-басқару және кәсіби даму кіреді.

 

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...