Қостанайда прокурор өзіне қол жұмсады

Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлайды «Наш Костанай».

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, оқиға 5 мамырда болған. 

«Қостанай ауданы аумағындағы орманнан Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Дархан Бисахаловтың денесі табылды. 28 жастағы прокурор асылып қалған», — деп жазды басылым.

Прокурордың артында әйелі мен кішкентай қызы қалған. 

«Прокурордың суицид жасау дерегі соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, іспен Қостанай ауданының полиция бөлімі айналысады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», — деді прокуратура өкілдері. 

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...